2025 жылғы 20 маусымда Басқарма төрағасымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 26 тамыздағы № 03-03/130-ОД бұйрығының негізінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ қызметінде келесі бағыттар бойынша 2024 жылғы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады: 1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Осыған байланысты, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді compliance@gak.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Сұрақтар туындаған жағдайда телефон арқылы 8 7172 64 98 33 ішк. 1231 хабарласуды сұраймыз.