← Жаңалықтар тізіміне оралу

Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін алатын клиенттердің назарына!!!

Жарияланған күні: 2026-02-04

Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін алатын клиенттердің назарына!!! Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінен жеке табыс салығын ұстап қалу бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына енгізілген жаңалықтар.

Құрметті Клиенттер! Осымен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі (бұдан әрі - ҚР СК) қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

  1. ҚР СК 435-бабына сәйкес, төлем көзінен салық салынатын сақтандыру төлемдері түріндегі кіріс мынадай кірістерге азайтылады:
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау заңнамасында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру сыйлықақылары төленген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері және бір сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын бұзған кезде алынған және басқа сақтандыру ұйымына жіберілген сақтандыру төлемдері;
  • қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және аннуитеттік сақтандыру шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнеталды аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
  • қайтыс болған тұлғаны жерлеуге оның отбасына немесе жерлеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асырған тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру ұйымының өз қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Компания Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын зейнетақы аннуитеті сақтандырушыларының шарттары бойынша жеке табыс салығын ұстамайды.

2. ҚР СК 679-бабы 30-тармағына сәйкес: зейнетақы аннуитеті шарты бойынша резидент емес жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын резидент еместің табысы деп танылады. ҚР СК 682-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес резидент еместермен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жеке табыс салығы 20 пайыз мөлшерлеме бойынша ұсталады. Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа сәйкес, резидент емес сақтанушыларда қолданыстағы резиденттік сертификаты болған және тиісті халықаралық шарттың талаптары сақталған жағдайда, ЖТС 15 пайыз мөлшерлеме бойынша ұстала отырып, қайта есептеледі (5 пайызы қайтарылады).

3. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес, табыс ретінде қарастырылмайтын төлемдер мен кірістер бойынша қорға жарналар мен аударымдар ұсталмайды. Осылайша, зейнетақы аннуитет келісімшарттары бойынша сақтандыру төлемдерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар ұсталмайды.

Қосымшаны жүктеп алу

QR-кодты сканерлеңіз

QR Code