2026 жылғы 31 шілдеде «МАК» ӨСК» АҚ ESG-күн тәртібін іске асыру шеңберінде «Автокөліксіз күн» корпоративтік экологиялық челленджін өткізді. Компания қызметкерлеріне бір күн бойы жеке автокөлікті пайдаланудан бас тартып, жаяу жүруді, велосипедті, самокатты немесе қоғамдық көлікті таңдауға ұсыныс жасалды.
Акция өткізіліп, Компания қызметкерлері аталған бастамаға белсенді қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша негізгі мақсатқа қол жеткізілді — қызметкерлердің экологиялық сауаттылығын арттыру және ұжымды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесіне тарту.
Челлендждің өткізілуі ESG-дің экологиялық құрамдас бөлігі (Environmental) және Компанияның орнықты даму корпоративтік мәдениеті аясындағы практикалық іс-шаралардың бірі болды.