← Жаңалықтар тізіміне оралу

Еңбек күні – әрбір қызметкердің қосқан үлесін мойындау

Жарияланған күні: 2026-09-22

Жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда адам еңбегін, кәсібилік пен жауапкершілікті құрметтеуге арналған мереке – Еңбек күні атап өтіледі.

Еңбек күні 2013 жылы жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, еңбек құндылықтарын нығайту және қызметкерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін мойындау мақсатында белгіленді. Бұл күні кәсіби дәстүрлерді сақтап, жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізетін еңбек ардагерлеріне, тәлімгерлерге және еңбек әулеттерінің өкілдеріне ерекше мән беріледі. Еңбек мәдениетін дамыту, кәсіби өсуді қолдау және жұмысшы мамандықтардың тартымдылығын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып қала береді.

Еңбек күні – күнделікті адал еңбегі арқылы Қазақстанның дамуына және қоғамның әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіруге мүмкіндік.

Скачать приложение

Отсканируйте QR-код

QR Code