← Жаңалықтар тізіміне оралу

«МАК» ӨСК» АҚ өкілдері Алматы қаласында өткен «ENBEK. Дұрыс жұмыс істейміз. Мүмкіндіктерді дамытамыз» атты семинарға қатысты

Жарияланған күні: 2026-10-23

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ («МАК» ӨСК» АҚ) Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ерқанат Баужанов «ENBEK. Дұрыс жұмыс істейміз. Мүмкіндіктерді дамытамыз» атты практикалық семинарға қатысты. Іс-шара еңбек заңнамасының, әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігінің өзекті мәселелеріне арналды, онда өмірді сақтандырудың, атап айтқанда — қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың мүмкіндіктері талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Ауқымды шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнес-қоғамдастық пен сараптамалық құрылымдар өкілдерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырды.

Семинардың негізгі спикерлерінің қатарында: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Алматы қаласының еңбек мобильдігі орталығы,» «Атамекен» ҰКП жанындағы Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес және Алматы қаласының Әлеуметтік кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері;

Өз сөзінде Ерканат Баужанов қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың (ЖОМС) негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол бұл институт Қазақстанда қолданыстағы заңнама негізінде 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды. Заңға сәйкес, меншік нысанына және ұжым санына қарамастан, әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерін еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Міндетті сақтандырудың басты мақсаты – сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асыру арқылы өндірістік қызмет нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін сенімді қорғау.

МАК жұмыскердің еңбекақысын жоғалтуымен байланысты келтірілген зиянды толық және ашық түрде өтеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар сессия барысында спикер кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген кездегі қолданыстағы сақтандыру төлемдерінің түрлерін, атап айтқанда, жоғалтылған еңбекақының орнын толтыру үшін кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленуіне байланысты ай сайынғы төлемдерді, қызметкер қайтыс болған жағдайдағы төлемдерді (олардың қатарына балалар 18 жасқа толғанға дейін, 18 бен 23 жас аралығындағы оқу жасындағы балалар оқуын аяқтағанға дейін, жұмыс істемейтін зайыбына/жұбайына кенже бала 14 жасқа толғанға дейін, сондай-ақ қайтыс болған адамның асырауында болған зейнеткер ата-аналарына өмір бойы берілетін аннуитеттік төлемдер кіреді), 100 АЕК мөлшеріндегі біржолғы жерлеу жәрдемақысын және белгіленген КЕАД-қа байланысты 30%-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде қосымша медициналық шығындарды өтеуді түсіндірді.

Семинар тікелей және сындарлы талқылау форматында өтті. Іс-шараға қатысушылар теориялық базамен танысып қана қоймай, ашық диалогқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сарапшылар бизнес-қоғамдастық өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауап беріп, еңбек және сақтандыру заңнамасы нормаларын қолдану барысында туындайтын нақты практикалық кейстерді талдады.

Мұндай бастамалар жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ел өңірлерінде еңбек қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Қосымшаны жүктеп алу

QR-кодты сканерлеңіз

QR Code