«Мемлекеттік аннуитеттік компания» «ӨСК» АҚ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдерімен ашық диалог түрінде өтті. Кездесудің басты мақсаты жұмыс берушілердің еңбек ұжымдарын әлеуметтік қорғау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын мүлтіксіз сақтау саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Іс-шара барысында сарапшылар ЖОМС шарттарын жасасудың негізгі аспектілерін, төлемдер тәртібін егжей-тегжейлі қарастырды, сондай-ақ сақтандырудың алдын алу рөліне ерекше назар аударды. Уақтылы рәсімделген сақтандыру полисі тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерді қаржылық қорғаудың және бизнестің тұрақтылығының маңызды құралы екенін атап өтілді.
«Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру - еңбектің әлеуметтік қауіпсіздігі жүйесінің іргелі элементі. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір жұмыс беруші ұжым алдындағы өз жауапкершілігін түсініп, толыққанды сақтандырудың артықшылықтарын түсінуін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ филиалының директоры Оксана Деркач.
Кездесуге қатысушылар талқылауға белсенді қатысты: сақтандыру ұйымдарымен өзара іс-қимыл рәсімдері туралы практикалық сұрақтар қойды, ағымдағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті және одан әрі ынтымақтастық жолдары туралы пікір алмасты.
Іс-шара соңында тараптар өңірде сақтандырудың маңыздылығы туралы бизнестің хабардарлығын арттыруға және өндірістік жарақаттану тәуекелдерін азайтуға бағытталған бірлескен ақпараттық-түсіндіру науқанын жалғастыруға келісті.