Әлеуметтік қолдау шаралары
Шетелдік тәжірибе, ағымдағы жағдай, зейнетақылар мен жәрдемақылардың жалпы және түрлері бойынша динамикасы
- Жалпы ақпарат
- Іске асыру алгоритмі
- Сұрақтар мен жауаптар
01 Төлемдерді оңтайландыру не үшін қажет өту → 02 2027 жылдан бастап не өзгереді өту → 03 Табысы жоғары отбасыларға барлық төлемдер тоқтатыла ма өту → 04 Кредиттерді, сатып алуларды және карталар бойынша шығыстарды есепке алу өту → 05 Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар өту → 06 Отбасының цифрлық картасындағы дәлсіздіктер өту → 07 Төлемдер ескертусіз тоқтатылуы мүмкін бе өту → 08 Деректерді өңдеуге келісім беру не үшін қажет өту → 09 Жәрдемақыға құқық өзгеруі мүмкін бе өту → 10 Сұрақтар туындағанда және келіспеген жағдайда қайда жүгіну керек өту →
01 Мемлекет әлеуметтік төлемдерді оңтайландыруды не үшін жүргізуде? Халыққа көрсетілетін көмекті қысқартқысы келмей ме?
Басты мәселе
Мемлекеттік қолдау ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға жетуі тиіс
Оңтайландырудың мақсаты: әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру және оны азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып ұсынуды қамтамасыз ету
Жұмыс бағыттары
Қолдаудың атаулылығын арттыру
Қолданыстағы тетіктерді жетілдіру
Жекелеген шаралардың қайталануын жою
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану
✓ Қолдау азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып көрсетіледі
02 2027 жылдан бастап жәрдемақы алушыларды қандай өзгерістер күтеді?
Не өзгереді
Жекелеген төлемдерді тағайындау кезінде отбасының материалдық жағдайы ескеріледі
Не өзгермейді
Өзгерістер барлық жәрдемақылар мен төлемдердің жойылуын білдірмейді
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап
1
Мұқтаждық қағидаты қолданылады
2
Қолдау шараларының белгілі бір түрлері қамтылады
3
Тағайындауға қойылатын белгіленген талаптар қолданылады
i Өзгерістер әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлеріне қатысты Мұқтаждық қағидаты туралы толығырақ: 3-сұрақ →
03 Табысы жоғары отбасыларға барлық әлеуметтік төлемдер тоқтатылатыны рас па?
Жоқ
Бұл барлық төлемдердің автоматты түрде тоқтатылуы емес
Иә
Бұл жекелеген шаралар үшін мұқтаждық қағидаты
01
Жекелеген шаралар Мұқтаждық қағидаты әлеуметтік қолдаудың белгілі бір түрлеріне қолданылады
02
Өз шарттары Әрбір шараны ұсыну шарттары заңнамада жеке белгіленеді
03
Мақсатын ескеру Төлемге құқық оның мақсаты мен белгіленген талаптар ескеріле отырып қаралады
04 Жәрдемақы тағайындау кезінде кредиттер, сатып алулар және банк карталары бойынша шығыстар ескеріле ме?
Білу маңызды
Кешенді бағалау
Материалдық жағдайды бағалау тәсілі әзірленуде
Мыналарды жиынтықта ескеру мүмкіндігі қарастырылуда:
Банк шоттары бойынша қаражат қозғалысы
Табыстар
Мүлік
Қаржылық міндеттемелер
Кредит немесе жекелеген сатып алу бас тартуға автоматты түрде негіз болып табылмайды
Мәліметтерді есепке алу тәртібі мен өлшемшарттар нормативтік және әдіснамалық тұрғыдан пысықтауды қажет етеді
05 Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жәрдемақылар жойыла ма?
Жоқ
Жекелеген шараларды оңтайландыру мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың жойылуын білдірмейді
Тетіктерді жетілдіру кезінде мыналар ескеріледі
Мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктері
Күтім қажеттілігі
Емдеу, абилитация және оңалту
Отбасының өмірлік жағдайлары
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау ерекше әлеуметтік маңызын сақтайды
06 Отбасының цифрлық картасындағы деректер шындыққа сәйкес келмесе, не істеу керек?
Отбасының цифрлық картасы
Мемлекеттік цифрлық жүйелерден түсетін мәліметтер негізінде қалыптастырылады
Бастапқы мәліметтерді өз бетінше өзгертпейді
Түзету деректер көзінде жүргізіледі
Егер дәлсіздік анықталса
1
Деректерге жауапты органға немесе ұйымға жүгіну
2
Мәліметтерді тексеруден және өзектендіруден өту
3
Қажет болған жағдайда аумақтық департаменттен консультация алу
07 Егер отбасы жәрдемақыны заңды негізде алып отырса, төлемдер ескертусіз тоқтатылуы мүмкін бе?
Заңнама
белгіленген тәртіппен мыналар жүзеге асырылады:
Төлемдерді тағайындау Төлемдерді тоқтата тұру Төлемдерді тоқтату
Алушыға арналған кепілдіктер
тетіктерді жетілдіру кезінде мыналарды қамтамасыз ету маңызды:
Қайда жүгіну керек: 10-сұрақ → Қабылданатын шешімдердің ашықтығы
Азаматтарды хабардар ету
Аумақтық органда шешімнің негіздерін түсіндіру
08 Дербес деректерді өңдеуге және банктік мәліметтерді алуға келісім беру не үшін қажет?
Не үшін
Отбасының материалдық жағдайын неғұрлым толық бағалау және қолдаудың атаулылығын арттыру үшін
Деректерді қорғау
Дербес деректер мен банк құпиясы заңнаманы сақтай отырып өңделеді
Пилоттық іс-шаралар шеңберінде
1
Азаматқа хабарлама жіберіледі
2
Онда әрекеттер мен келісім беру тәртібі түсіндіріледі
3
Мазмұнымен және салдарымен танысу маңызды
Төлем туралы шешім қабылдамас бұрын хабарламамен мұқият танысыңыз
09 Егер отбасының бүгін жәрдемақыға құқығы болса, бұл құқық кейін өзгеруі мүмкін бе?
Иә
Құқық заңнамада көзделген мән-жайларға байланысты
Құқыққа не әсер етуі мүмкін
Табыстың өзгеруі
Отбасы құрамының өзгеруі
Басқа да маңызды шарттар
Шешім бір көрсеткіш бойынша емес, белгіленген талаптар бойынша қабылданады
Жүйе отбасы туралы мәліметтерді неғұрлым өзекті есепке алуды көздейді
10 Оңтайландырудан кейін сұрақтар туындаса немесе отбасы төлемді тағайындау туралы шешіммен келіспесе, қайда жүгіну керек?
Түсініктеме қажет
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
Дұрыс емес деректер
Осы деректерді қалыптастыруға жауапты ұйым Деректерді қалай түзетуге болады: 6-сұрақ →
Шешіммен келіспеу
Заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдану
Ең алдымен түсініктеме алу үшін аумақтық бөлімшеге жүгіну ұсынылады