Әлеуметтік қолдау шаралары
3
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған, «Батыр ана» атағы бар аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы
Бөлінген сома, млрд теңге
3,1
1999
4,7
2000
4,1
2001
3,5
2002
3
2003
2,5
2004
2,6
2005
5,4
2006
6,2
2007
6,1
2008
6,6
2009
14,8
2010
27,5
2011
29,1
2012
31,3
2013
34,6
2014
37,1
2015
39,5
2016
41,7
2017
43,8
2018
45,7
2019
49,1
2020
51,5
2021
55,7
2022
64,2
2023
72,1
2024
78,5
2025
73,5
2026*
01.11.2026 жағдай бойынша
Алушылар саны, мың адам
241
249,8
Жәрдемақы мөлшері, мың теңге
27,7
32
- 6–6,4 АЕК («Күміс алқа» қоса алғанда)
- 7,4 АЕК («Алтын алқа» және т.б.)
Қорытындылар
- 1999 жылдан бастап жәрдемақы мөлшері 4 рет қайта қаралды – 2005, 2010, 2014 және 2023 жылдары.
- 2005 жылдан бастап мөлшер 2 есе – 1,9-дан 3,9 АЕК-ке дейін, 2010 жылдан бастап 6 АЕК-ке дейін, 2014 жылғы сәуірден бастап 6,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
- 2010 жылдан бастап көпбалалы аналарды марапаттау шарттары өзгертілді: «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп баласы бар аналар (бұрын – он және одан да көп), «Күміс алқа» алқасымен алты баласы бар аналар (бұрын – сегіз) марапатталады.
- 2018 жылдан бастап төлем арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардан көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылды.
- 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мөлшерді саралау енгізілді: «Күміс алқа» алқасымен марапатталғандарға – 6,4 АЕК, «Алтын алқа» алқасымен, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталғандарға, «Батыр ана» атағы барларға – 7,4 АЕК.
- Бүкіл кезеңде АЕК-пен есептегенде жәрдемақы мөлшері 3,4 есе (6,4 АЕК) және 3,9 есе (7,4 АЕК) өсті.
- 2011 жылдан бастап алушылар саны тұрақты – 229–250 мың адам.
ҚР ЕХӘҚМ деректері: 1999–2026 жж. зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылар туралы мәліметтер; * 2026 ж. – 01.11.2026 жағдай бойынша