Әлеуметтік қолдау шаралары
31
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы: басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – ауғандықтар, сондай-ақ тәжік-ауған учаскесінде қызмет өткерген, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгер ретінде қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер
Бөлінген сома, млн теңге
1 325,3
2020
4 900,9
2021
5 452,9
2022
6 070,3
2023
6 567,1
2024
7 052,7
2025
6 437,5
2026*
01.11.2026 жағдай бойынша
Алушылар саны, мың адам
22,9
26,5
Жәрдемақының орташа мөлшері, мың теңге
4,8
24,3
Қорытындылар
- 2020 жылдан бастап жәрдемақының еселігі қайта қаралған жоқ: Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлері үшін – 6,19 АЕК, басқа санаттар үшін (2020 жылғы 18 мамырдан бастап енгізілген) – 4,8 АЕК.
- Алушылар саны 1,2 есе – 22,9 мыңнан 26,5 мың адамға дейін өсті (2026 жылғы 1 қарашада).
- Бұрын Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлері жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар санатына жатқызылды. 2020 жылы «Ардагерлер туралы» жаңа Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты олар «басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері» деген дербес санатқа бөлінді. Осы сәттен бастап Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлері ардагерлердің жеке санаты ретінде қарастырылады.
ҚР ЕХӘҚМ деректері: 1999–2026 жж. зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылар туралы мәліметтер; * 2026 ж. – 01.11.2026 жағдай бойынша